Көктемгі әскерге шақырушылардың алғашқы легі отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Бүгін оларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Жиынға жергілікті әскери басқару органының өкілдері, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, шақырылушылардың ата-анасы мен достары қатысты.