Амал мерекесін қала іргесіндегі "Байқадам" елді мекенінің тұрғындары да атап өтті. Жұртшылық құшақтасып көрісіп, бір-біріне ізгі тілектерін жаудырды. Ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, ақ дастархан жайылды. Үлкендер жағы бата беріп, мерекенің мән-мағынасын түсіндірді. Тұрғын алап халқынмен көрісуге шаһар басшысы Азамат Бекет арнайы барды.