Көрісу күнін ақтөбеліктер сән-салтанатпен атап өтті. Еліміздің батыс аймағында ежелден тойланып келе жатқан көктемнің шуақты мерекесі табиғаттың жаңаруын, жаңа жылдың басталуын білдіреді. Наурызнама онкүндігінің алғашқы шарасы "Қазақ халқына мың алғыс" стелласының алаңында өтті.