Боз кілемде палуандар белдесіп, күш сынасты. Наурыз мерекесі қарсаңында колледж студенттері арасында қазақ күресінен "Жас барыс - 2026" турнирі өтті. Жарыс қалалық жастар ресурстық орталығы мен Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ұйымдастыруымен өткізілді. Екі салмақ дәрежесінде күрескен спортшылар арнайы жүлделермен, белдіктермен марапатталды. Айта кетейік, аталған жарыс аймақта тұңғыш рет ұйымдастырылды.