Ұлттық өнер ұлықталды. "Ер Едіге" жыр мектебінің жыршылары тәулік бойы толассыз жыр айтып, әлемдік рекордты жаңартты. Бұл жоба - ұлы даланың ерлікке толы тарихын дәріптеп, батырлар жыры арқылы елдік рухты көтеруге бағытталған. Шара барысында 36 жыршы бірінен соң бірі кезектесіп, 24 сағат бойы жыр орындады.