Қалада су тасқынының алдын алу шаралары жалғасып жатыр. Бүгін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кезекті жұмысын Елек өзенінде жүргізді. Онда мұз кептелістерінің алдын алу және еріген судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету мақсатында мұзды жару жұмыстары жүргізілді.