Микро және шағын бизнеске "таза парақ" қағидаты енгізіледі. Ел Үкіметі Экономиканы және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында осындай шешім қабылдады. Яғни 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін қалыптасқан салық берешегі бойынша есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жоспарланып отыр. Бағдарламаның шарттары, қатысу тәртібі мен салықтық режимдер туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері баяндады. Сала мамандарының пікірінше, «таза парақ» қағидаты шағын бизнестің салықтық реформаларға бейімделуіне жағдай жасап, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда облыста жоба талаптарына сәйкес келетін салық төлеушілердің саны 4000-нан асады.