Өңірде жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру процесі аяқталды. Аумақтық референдум комиссиясы берген мәліметке сәйкес, облыс аумағында 528 учаске жұмыс істеді. Саяси науқанға ақтөбеліктер асқан жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысты. Референдум кезінде заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.