15 наурыз референдум аясында №117 сайлау учаскесі, яғни Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде келген дауыс берушілер арасында гір көтеру және қол күресінен жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа 46 адам гір көтеру бойынша қатысса, қол күресінен 32 адам бақ сынады. Сорттық шара тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттырумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Қатысушылар өз күштері мен шеберліктерін көрсетіп, тартысты бәсеке өткізді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, сыйлықтармен марапатталды.