Облыс әкімі өткен Көрісу күні – Амал мерекесінде өңірдің мәдениетіне зор үлес қосқан композитор, дирижер, 90 жасты алқымдаған ардақты ұстаз –Қайырғали Қожанбаевтың шаңырағына арнайы барды. Асхат Шахаров ақсақалдың хал-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтап, көрісті. Сонымен қатар, аймақтың мәдениет саласына қосқан зор үлесін айрықша атап өтті. 70-ке жуық музыкалық шығарманың авторы, саналы ғұмырында Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің құрылуына бастамашы болған ардагер кездесу соңында ел амандығын тілеп, батасын берді.