Өңірімізде ұрпаққа өнеге боларлық отбасылар жетерлік. Солардың бірі - құқық қорғау саласының ардагері Дүйсенғали Арыстанұлының отбасы. Қос бала, 5 немере және шөбере тәрбиелеп, үрім бұтағы тереңге жайылған қала тұрғынының жарымен бірге бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатқанына 55 жыл болды. Берік некенің, отбасылық ынтымақтың және татулықтың үлгісі болған жанұядан жас отбасылардың үйренері көп екенін сөзсіз. Бүгін полицейлер сала ардагеріне құрмет көрсетті.