Наурызнама онкүндігіне сәйкес, бүгін - "Ұлттық киім" күні. Осыған орай, Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде сән көрсетілімі өтті. Мәдени мұра мен ұлттық құндылықты дәріптеуге бағытталған шараға облысқа белгілі дизайнерлер қатысты.