№64 мектепте "Заң мен тәртіп" және "Жастарға кеңес" жобалары аясында оқушылармен кездесу өтті. Прокуротура өкілі шәкірттерге қылмыстан сақтану, қауіпті таныстықтардың алдын алу туралы пайдалы мағұлмат, жасанды интеллект маманы AI технологиялары бойынша елімізде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Бұл мектеп бітіріп, болашаққа қадам басқалы жүрген түлектердің келешегін үшін пайдалы кеңес болды. Сонымен қатар, жиын барысында жасанды интеллекттің пайдасы мен жасөспірімдер сақтануы тиіс кері тұстары да айтылды