"Ұлттық киім" күніне арналған қорытынды шара, шаһар төріндегі "Қазақ халқына мың алғыс" стеласы алаңында өтті. «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты байқау барысында қазақы нақыштағы киім үлгілері дәріптеліп, жергілікті дизайнерлердің жаңа туындылары таныстырылды.