Кеше "Шаңырақ" күні Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылында 30 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Игі бастама – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Көптен күткен қуанышты аудан әкімі ауыл тұрғындарымен бөлісті. Жаңа коммуналдық тұрғын үйлер заманауи талапқа сай салынған. Әр үй газ, су, электр желілерімен толық қамтамасыз етілген. Тіпті, ауласы да қоршалып, кәріз жүйесі септик арқылы жүргізілген. Салтанатты шарадан кейін әр отбасы өз үйін көріп, шаттыққа бөленді.