Биыл наурыз–маусым айларында мерзімді әскери қызметке шамамен 1200 азаматты шақыру жоспарланды. 18 бен 27 жас аралығындағы жастар Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтырады. Кеше облыстан алғашқы болып 23 сарбаз Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметіне аттанып, Отан алдындағы борышын өтеуге кірісті.