Тұтастай онкүндікке созылатын Наурыз мейрамының әр күнінің мазмұны тереңде. Бүгін - Жаңару күні. Бұл - жаңа жылға, жаңа күнге жаңарып қадам басу дегенді білдіреді. Жаңғырған қоғамның заманауи өзгерістерге ұмтылысын көрсететін күн.