Айтулы күнге арналған мәдени шара Ақжар елді мекеніндегі №79 «Келешек» мектебінде де жалғасты. Онда ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналар қатысып, жастарға ақ тілектерін арнап, баталарын берді. Мерекелік кеш барысында оқушылар мен ұстаздар қазақы би билеп, әуелете ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, халқымыздың бай мұрасын дәріптейтін салт-дәстүрлерден көріністер қойылып, ұлттық құндылықтардың мәні тереңнен насихатталды. Ұлттық ойындар да ойнатылып, қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалды. Әсіресе, арқан тарту, асық ату сияқты ойындар арқылы жастардың ептілігі мен ұйымшылдығы байқалды.