Өңір студенттері денсаулық сақтау саласына арналған инновациялық жобаларын таныстырды. Heriot-Watt University Ақтөбе кампусының білім алушылары ұйымдастырған “HealTech 2026 Expo” көрмесінде болашақ мамандар медицинаны жетілдіруге арналған тың бастамалар ұсынды. Қатысушылар өздерін стартап-компания ретінде таныстырып, нақты өмірде қолдануға болатын инновациялық шешімдерді ойлап тапқан. Оның нақты құрылымы, дизайны, коммерциялық құны мен қолданылу аясы жан-жақты зерттелді. Ал арнайы құрылған комиссия жобаларды саралап, заманауи компьютерлік және инженерлік стандарттарға сәйкес бағалады.