Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту тәсілдері тақырыбында облыстық семинар өтті. Шараға аймақтағы арнайы педагогтар мен дефектологтар қатысты. Бас қосу барысында түрлі мәселелер қозғалды. Соның бірі - ерекше балалардың мектептен кейін мамандық меңгеруі. Қазір есту және көру қабілеті бұзылған мектеп-интернат-колледжінде 144 бала оқиды. Сала мамандарының айтуынша олардың мектептен кейінгі кәсіптік дағдыларын кеңейту мәселесі өзекті.