"Наурызнама" онкүндігі аясында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде ерекше форматтағы мерекелік шара өтті. Оқу ордасында ұлттық ойындарды электронды-интеллектуалды нұсқада роботтармен ойнайтын мүмкіндік туды. Сонымен қатар, көрмеде қазақ ғұрпында қолданылған заттардың заманауи жетілген түрлері көпшілік назарына ұсынылды.