Жаңару күнін мектепке дейінгі ұйым бүлдіршіндері де атап өтті. Әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін мерейлі мерекеде балғындар ән-би орындап, театрлық қойылым әзірледі. Бұл күн өзгерістер, өсу мен дамуды білдіреді. Адамдар ескі-құсқыдан арылып, жүрегін өкпе-реніштен тазартады. Осылайша балаларға қарым-қатынасты жақсартып, жағымды көңіл-күй қалыптастыратын "Жаңару" күнінің мән-мазмұны түсіндірілді.