Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері "Наурыз" мейрамын атап өтті. Салтанатты шараның басты оқиғасы — "Тәтті татулық" бірегей фестивалі. Оған түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынды. Қатысушылар тағам атауларының шығу тарихы туралы баяндап берді.