Наурызнаманың онкүндігі аясында бүгін - "Ұлттық спорт" күні. Айтулы мерекеде жер-жерде мәдени шаралар ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлері дәріптелуде. Сонымен қатар, көрмелер де көпшілік назарына ұсынылды. Мысалы №3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Наурызнама онкүндігі аясында 40 ерекше бұйымнан көрме ұйымдастырылды. Солардың бірі асықтан жасалған киіз киіз үй макеті. Туынды авторы аймақты ауылдарынан жинап, макетті құрастыруға 2000 асық пайдаланған.