Облысы әкімі Асхат Шахаров тұрғындарды әлеуметтік және жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтар тарапынан: тұрғын үй, тұрмыстық газ бағасының өсуі, жайылым жерлер, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту мәселелері көтерілді. Кейбір ұсыныстар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар өз сауалына қанағаттанарлық жауап алды. Қорыта айтқанда, қабылдауда талқыланған әр өтініштің уақытылы орындалуы - аймақ басшысының жеке бақылауында болмақ.