Ұлыстың ұлы күніне орай қалада қазақша күрестен "Колледж барысы - 2026" жарысы өтті. Дәстүрлі додаға қала колледждерінің білім алушылары қатысып, боз кілемде сайысты. Балуандар өзара күш сынасып, ептілігін дәлелдеді. Жарыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.