Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия мен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның бірлескен отырысында жемқорлықпен күрес және халықтың қауіпсіздігін арттыру мәселелері талқыланды. Алдымен, әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру,
құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспары қаралды. Айталық, мердігерлердің кепілдік мерзіміне қойылатын талаптарды күшейту және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында типтік жобаларды қолдану мәселелері атап өтілді. Ал Ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың іске асырылуы мен халық арасында жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары туралы баяндады.