Хромтау ауданында әз-Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен атап өтілді. Мерекелік жиында аудан әкімі сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтады. Алаңда ұлттық ойындар кеңінен ұйымдастырылып, қазақтың байырғы дәстүрлері қайта жаңғырды. Атап айтқанда, арқан тартыс, қазақ күресі, гір көтеру, асық ату сынды спорттық сайыстар өтіп, қатысушылар өз бақтарын сынады. Сондай-ақ, алтыбақан тігіліп, жастардың думанды кешіне сән берді. Алаңға әрбір ауыл аса дайындықпен келген. Әр жерде киіз үй тігіліп, келушілерге қазақтың салт-дәстүрі дәріптелді. Осылайша, Наурыз тойы — жаңару мен жаңғырудың, ынтымақ пен ырыстың бастауы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.