Наурыз - жаңару мен жарасымның, береке мен бірліктің бастауы. Кеше кешкілік “Ынтымақ” күніне орай өткен мәдени кеш осы құндылықтарды ұлықтауға арналды. Ұлттық дәстүрді дәріптеген думанды мерекеде жастар бастаңғы жасап, халқымыздың бай мұрасын жаңа форматта жаңғыртты.