Атаулы күн қаладағы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталығында да айрықша тойланды. Мекеме тұрғындары ұлттық нақышта киініп, салт-дәстүр мен спорттық ойын түрлерінен бақ сынады. Қазан асып, киіз үй тігіп, мейрамның лебі сезілді. Көпшілік наурыз көжеден дәм татты.