Мейрамға орай қаланың әр тұсында театрландырылған концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Ашық аспан астындағы шараға жиналған шаһар тұрғындарының да қарасы көп болды. Думанды шарада аймақ басшысы халықтың жанынан табыла біліп, әрбір киіз үйді аралады. Онда келушілерге ұлттық құндылықтар дәріптелді.