«Тазару» күні аясында облыс аумағындағы орман шаруашылықтарына жаңа техникалар табысталды. Облыс әкімі бұл күннің табиғатқа жанашырлық пен қоршаған ортаның тазалығына деген қамқорлықты білдіретінін атап өтті. Сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлері мен салалық мекемелердің еңбегі қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.