«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аңызға айналған «SuperStar KZ» жобасын қайта жаңғыртпақ. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жастарды іздеуге арналған ауқымды кастинг жариялайды. Музыкалық шоуға өнерге құштар, жасы 16-25 аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Офлайн кастинг 4-і мен 26-шы сәуір аралығында Қазақстанның 9 ірі қаласында өтеді. Айта кетейік, «SuperStar KZ» – бұл жай ғана тележоба емес, жас таланттардың үлкен сахнаға жолын ашатын бірегей алаң. Жоба аясында қатысушылар өз өнерін көрсетіп қана қоймай, кәсіби деңгейде шыңдалып, жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Кастинг офлайн және онлайн форматта өткізіледі. Ірі қалаларда тікелей іріктеу кезеңдері ұйымдастырылады. Ал қаламызда іріктеу кезеңі 8 сәуірге жоспарланып отыр. Қатысушылар Тахауи Ахтанов 54 мекен-жайында орналасқан теларнамызға келіп бағын сынай алады.