Қалада жасөспірімдер арасында бокстан дәстүрлі халықаралық турнир басталды. Биыл он алтыншы рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәсеке бес күнге жоспарланған. 15-16 жастағы былғары қолғап шеберлері сынға түсетін дода Галиб Джафаров атындағы жүлде үшін өтуде.