Қалада ауыл балаларының зейінін ашуға бағытталған IQanat олимпиадасының екінші туры басталды. Білім додасының нақ осы кезеңіне еліміз бойынша 10 мың бала қатысып жатыр. Ал, аймақта 300-ден астам үміткер бақ сынады. Жалпы бұл жоба жасөспірімдердің білімге деген құлшынысын арттыруға бағытталған.