Қалада тарихшылар арасында "Жас Проджект" облыстық байқауы өтті. Ауыл-аймақтардан еңбек өтілі бес жылдан аспаған жас мамандар келді. Білім бәсекесі көрнекті педагог Мақсұт Құсайыновтың 90 жылдығына арналды. Байқау мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін ашып, білім беру үдерісіне заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге бағытталды.