Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы «Жастар және жалпыұлттық құндылықтар» атты TEDx форматында өткен кездесуде айтылды. Түрлі салада жетістікке жетіп жүрген спикерлер Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетінде «Тарих» факультетінің студенттерімен жүздесіп, қоғамдағы өзекті тақырыптарды талқылады.