Жыл өткен сайын елде көру жүйкесі зақымдалып, салдарынан көз ауруларына тап болған адамдар саны көбейіп барады. Ғылым тілінде оны - "Глаукома" деп атайды. Алаңдатарлығы елімізде жылдан-жылға бұл дерт жасарып келеді. Сондықтан аталмыш саладағы мамандарға шетелдік білікті мамандардың тәжірибесі ауадай қажет. Бүгін "Дәру" клиникасында, Германияның астанасы - Берлин қаласынан арнайы шақыртылған профессор Карл Эрбтың 2 күндік семинары басталды.