Бүгін - халықаралық қалдықсыз күн, ол қоршаған ортаны қорғауға, қалдықтарды азайтуға және қайта өңдеуге бағытталған. Осы орайда өңірдегі білім беру ұйымдарында түрлі эко жобалар ұйымдастырылды. Мәселен, №64-ші орта мектеп ұжымы "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосып, пікірталас, байқау өткізсе, Шығанақ Берсиев атындағы жоғары аграрлық-техникалық колледжінің ұстаздары табиғи таза тыңайтқыш жасаудың жолын үйретті.