Ұстаз — ұлт болашағын қалыптастыратын ең мәртебелі мамандық иесі. Өйткені ол тек білім беріп қана қоймай, жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сіңіреді. Осындай абыройлы жолды саналы ғұмырына серік еткен жандардың бірі — Клара Хакімғалиқызы. Ол - жай мұғалім емес, тіл жанашыры. Ардақты ұстазды бүгін әріптестері мен шәкірттері салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салды.