Шалқардың Мөңке би ауылында Мұхамбетқазы Тажин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің төменгі қабаты жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Мұнда балаларға арналған шахмат, тир кабинеттері мен конференция залы, ата-аналарды педагогикалық қолдау бөлмесі де бар. Білім ғимаратының жандануына мектеп түлегінің ұрпақтары қолдау көрсетті.