Аймақ жылыту маусымына дайын десек те болады. Қазіргі уақытта жоспарлы жұмыстың 85 пайызы орындалған. Қалған шаруа қыркүйек айының ортасына дейін жүзеге аспақ.
Оның ішінде алдымен отынмен қамтамасыз ету шаралары жолға қойылған. Маусымдық дайындыққа қатысты өзге де мәселелер облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.