Өңірде атауы жоқ 21 көше бар. Олардың басым бөлігіне батырлар мен жазушылардың есімі мен ұлттық атау беріледі. Ұсыныстардың бірқатары республикалық комиссияға жолданды. Жол бойындағы жарнамалардың сауатты жазылуы да маңызды. Ономастика, сауатты жарнама жайы облыстық тілдерді дамыту басқармасының назарында. Басқарманың 7 айда атқарған жұмысы бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында айтылды