Жыл басынан бастап аймақтың экономикалық өсімі 104 % пайыздан асты. Оның ішінде өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және қоймалау сияқты негізгі салалар бойынша өсім бар. Жыл аяғына дейін әлі де жүйелі жоспарларды жүзеге асыру үшін қазынадан 18 жарым мрлд теңге қаражат керек. Бүгін облыстық мәслихаттың 20-сессиясында бюджет қайта нақтыланып, аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыс барысын баяндады.