Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірдегі аз қамтылған, әлеуметтік осал санаттағы отбасынан шыққан балаларға арналған "Мектепке жол" акциясы өтті. Қайырымдылық шарасы аясында жалпы облыс бойынша 1150 оқушыға оқу құралы жинақталған сөмке табысталды. Мұнда қалам мен қаламсаптан бастап, дәптері мен күнделігі де бар. Игі іске облыстық Нұр - Ғасыр мешіті ұйытқы болды.