Білім саласының 1200-дей қызметкерінің басын қосқан облыстық тамыз конференциясы өтті. Ауқымды жиында арнайы спикерлер мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелерді, балалардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде баяндамалар оқыды. Сонымен қатар, аймақ басшысы ардагер ұстаздарды марапаттады.