Бизнесті өркендеген франшизаға қалай айналдыруға болады? Бүгін Орталық Азия франчайзинг қауымдастығының негізін қалаушылар аймақ кәсіпкерлерімен кездесуінде осы мәселені кеңінен талқылады.
Жиында кәсіпкерлерге өз бизнесін дұрыс қалыптастыру, ұлттық және халықаралық нарыққа шығу жолдары туралы айтылды.
Сондай-ақ, сарапшылар франчайзинг нарығының өңірлік даму мүмкіндіктері, қателіктер мен табысты тәжірибелер туралы пікір бөлісті.