Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Айым Жұбатқан Грекияда өткен халықаралық олимпиададан экономика пәні бойынша қола жүлдегер атанды. Жеңімпазды әуежайдан ата-анасы мен достары, мектеп ұжымы күтіп алды. Айтайық, аталған білім додасы әлемнің 28 елінен іріктелген 140 үздіктің арасында өтті. Қатысушылар экономика және қаржы салаларынан теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады. Кіл мықтының арасынан жерлесіміз топ жарып, үздік үштіктің қатарынан көрінді.