Шаһарда ардагерлері арасында бильярд турнирі өтті. Оған қаладан және әр ауданнан келген 50-ден астам зейнеткер қатысып, өзара бақ сынады. Облыстық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өрбіген спорттық шара Ұлы Жеңістің - 80 жылдығы мен айбынды - Ата заңның - 30 жылдық мерейтойына арналды. Сайыс соңында жеңімпаздарға жүлделі орындар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.