Аймақ тұрғындары "Таза Қазақстан" эко-акциясына белсенді қатысып келеді. Мәселен, бұған дейін мұндай тазалық шараларына 112 мың адам атсалысса, соңғы үш айда қатысушылар саны 273 мыңнан асып түскен.

Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.